Өскемен қаласының тұрғыны Айнұр Сүлейменова Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, кішкентай қызына қатысты қозғалған қылмыстық істі жеке бақылауға алуды сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
Анасының айтуынша, оның 2 жас 8 айлық қызына қатысты ауыр жағдай орын алған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиға болғанына үш айға жуық уақыт өтті. Бірақ қызым әлі күнге дейін түнде шошып оянады, дұрыс ұйықтай алмайды. Барлығын ұмытқан жоқ. Біз тек әділдік сұраймыз», — дейді анасы үндеуінде.
Ол мемлекет басшысынан істің әділ тергелуіне ықпал етіп, баланың құқығын қорғауға көмек көрсетуді өтінді.