Танымал Sportskeeda.com спорт порталы Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Беларусь өкілі Арина Соболенко арасындағы US Open финалына болжам жасады, деп хабарлайды ult.kz.
Соболенко қазіргі US Open чемпионы. Алайда финал нәтижесіне қарамастан, АҚШ ашық чемпионаты аяқталған соң ол әлемдік рейтингтегі бірінші орынынан айырылады. Бұл орын Елена Рыбакинаға бұйырады.
Sportskeeda сарапшыларының мәліметінше, екі теннисшінің өзара кездесуінде Соболенко 10:7 есебімен алда келеді. Ал финалдық кездесулерде 4:2 нәтижесімен Рыбакинаның басым тұр.
Биыл теннисшілер финалда бір-бірін бір реттен жеңген. Соболенко қазақстандық спортшыға қарсы үш сетке созылған кездесулерде жақсырақ өнер көрсетіп, он матчтың сегізінде жеңіске жеткен.
Ал Рыбакина бірінші сетте жеңіске жеткен жағдайда қарсыласын ұтуға мүмкіндігі жоғары. Екі сетте аяқталған өзара кездесулерде қазақстандық теннисшінің басымдығы 5:2.
Екі спортшы да соңғы екі аптада жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Соболенко US Open турнирінде ең көп виннер, яғни ұтқыр соққы жасаған теннисші болса, Рыбакина эйс саны бойынша көш бастап тұр.
Рыбакина қазірдің өзінде Соболенкодан әлемдік рейтингтегі бірінші орынды тартып алды. Ал Беларусь теннисшісі US Open-дегі чемпиондық атағын қорғауға бар күшін салатыны анық.
«Бірнеше ай бойы сәтсіз өнер көрсеткен Соболенко дәл керек уақытта бабына қайта келген сияқты. Ал Рыбакина соңғы екі раундта қиын жағдайлардан шығып, қысым кезінде өзін жақсы ұстай алатынын көрсетті. Бұл матчтағы негізгі фактор доп шығарудың сапасында болады. Рыбакина өзі берген доптардағы геймдерде тұрақтырақ ойнайды. Бұл оған мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алуға көмектесуі мүмкін. Болжам: Елена Рыбакина үш сетте жеңіске жетеді», деп жазылған материалда.
Еске салайық, US Open-2026 турнирінің Елена Рыбакина – Арина Соболенко арасындағы финалдық бәсеке 12 қыркүйектен 13-не қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00 басталады.