Ел алдында жүрген депутат әйелін соққыға жықты

Ел алдында жүрген депутат әйелін соққыға жықты
Коллаж: ult.kz

Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек шымкенттік кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтің әйел адамды ұрып-соққаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Белсендінің сөзінше, желіде тараған видеодағы ер адам бірнеше жыл бойы шариғат жолымен некелескен әйеліне тұрақты түрде күш көрсетіп келген.

Заңгердің ақпаратына сүйенсек, депутат өз ықпалына сеніп, жауапкершіліктен жалтармақ болғанын алға тартты.

«Маған көмек сұрап тағы бір әйел хабарласты. Жылап отырып айтқан сөзінің өзі адамды ойландырады:

«Ол ешкімнен қорықпайды. Байлығы мен байланысына сенеді. Тіпті сізге шығамын десем де, “Айгүл Орынбектің өзін ите…..н», – депті. Мен үнемі бір нәрсені айтып келемін: әйелге қол көтерген адамды ақтайтын ешқандай мәртебе жоқ. Ол кәсіпкер ме, депутат па, шенеунік пе – бәрібір. Заң бәріне ортақ болуы тиіс», - деді ол.