Қарағандыда Қытай мен Түркиядан арзан тауар жеткізіп береміз деп, 461 адамды алдаған екі әйелге сот үкімі шықты. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 700 млн теңгеден асты, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық соттың мәліметінше, әйелдер WhatsApp-та арзан ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, жиһаз және автокөліктерді жарнамалап, сатып алушылардан ақша алғанымен, тапсырыстарын орындамаған.
Сотталушылар кінәсін мойындамады. Сот әрқайсысын 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылды. Жәбірленушілердің талаптары ішінара қанағаттандырылып, 700 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алу белгіленді.