«Екінші рет үйленді»: Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы талқыға түсті

«Екінші рет үйленді»: Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы талқыға түсті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қайын інісінің екінші рет шаңырақ көтергенін айтып, тойдан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Тележүргізушінің сөзінше, қайын інісі алғашқы әйелімен шамамен 10 жыл бұрын ажырасқан. Ол жаңа түскен келінге де жылы лебізін білдіріп, тойдың ерекше форматта өткенін жазды.

«Кеше қайын інім екінші рет үйленді, бірінші әйелімен 10-шақты жыл бұрын ажырасқан болатын. Әп-әдемі, жағдайы бар жігіт. Келін де керемет. Тойға туыстардың ішінен ең жақындарын ғана шақырды. Нағыз жастардың тойы болды. Кеткіміз келмей отырдық. Еркін формат, ойындары да өте қызық болды», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сондай-ақ ол тойда өнер көрсеткен әншілер мен асабаның жұмысына тоқталып, жоғары бағасын берген.

Алайда тележүргізушінің жазбасындағы «бірінші әйелімен 10-шақты жыл бұрын ажырасқан» деген сөзі желі қолданушыларының назарын аударды. Кейбір оқырман мұндай жеке ақпаратты көпшілікке айтудың қажеті жоқ деп санап, пікір қалдырған.

«Өсекті де грамотно, тактично айтады екенсіз», «Қызық-қызық екенсіз, Ләйлә әпке», «Содан? Келін құтты болсын. Өсекті жібереді екенсіз», - деп жазды желі қолданушылары.

Ал енді бірқатар оқырман тележүргізушінің сөзінен еш әбестік көрмей, оның тек той туралы әсерімен бөліскенін алға тартты.