Испанияда жолаушылар пойыздарының қатысуымен ауыр теміржол апаты болды. Мадрид пен Андалусияны байланыстыратын жоғары жылдамдықты теміржол желісінде екі пойыз соқтығысып, ондаған адам қаза тапқаны мәлім болды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, Севилья бағытында келе жатқан пойыз басқа жолаушылар пойызымен соқтығысқан. Соққы салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткен.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған хабарламаларда қаза тапқандар саны 46 адамға жеткені айтылған. Алайда бұл мәліметтің ресми түрде расталған-расталмағаны әзірге нақтылануы қажет.
Испанияның теміржол инфрақұрылымына жауапты Adif компаниясы апатқа байланысты Мадрид пен Андалусия арасындағы жүрдек пойыз қозғалысының тоқтатылғанын хабарлады.