21 шілдеден 22 шілдеге қараған түні екі ер адам мейрамханадағы есепті төлеуден бас тартып, жанжал шығарған, деп хабарлайды ult.kz.
Sadaqmedia дерегінше, сөзге келіспеушілік кейін төбелеске ұласып, олар мекеме қызметкерін аяусыз соққыға жыққан.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, полиция оқиға орнына тек бір жарым сағаттан кейін келген. Әйел бірнеше күннен бері ауруханада жатыр, алайда оның жақындары тергеу тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып отыр.
Олардың сөзінше, тергеушілер істі ҚР Қылмыстық кодексінің 151-бабы бойынша рәсімдеп жатқанын айтқан. Алайда отбасы бұл оқиғаға құқықтық тұрғыдан дұрыс баға беріліп жатқанына күмән келтіреді.
Жәбірленушінің жақындары заңгерлер мен құқық қорғау органдарынан істің әділ тергелуіне көмектесуді сұрап, оқиғаға қоғам назарын аударуға шақырды.