Екі әйелді қағып, қашып кеткен: БҚО-да мас жүргізуші ұсталды

Екі әйелді қағып, қашып кеткен: БҚО-да мас жүргізуші ұсталды
24.kz

Батыс Қазақстан облысында мас жүргізуші жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, олардың бірін мерт қылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Апат 8 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, тоқтамастан оқиға орнынан кетіп қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйелдердің бірі қаза тапты. Екіншісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция жүргізушінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Медициналық куәландыру кезінде оның жол апаты болған сәтте алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен әйелдер анасы мен қызы болған. Қаза тапқан әйелдің 31 жаста болғаны туралы ақпарат бар. Алайда бұл дерек әзірге ресми түрде расталмаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.