Танымал айтыскер ақын, кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялап, көпшілікке өзін таныстырды, деп хабарлайды ult.kz.
Айдана Instagram парақшасында жаңа форматтағы контент түсіруге бел буғанын айтып, оқырмандарынан пікір сұрады.
Ол көпшілік өзін әлі күнге дейін танымайтынын жеткізіп, танымал ақынның қызы екенін ерекше атап өтті.
"Көбісі мені әлі танымайды екен, бірақ мен Айнұр Тұрсынбаеваның қызымын! Инстаграмға осындай контентпен атып кірейін деп шештім. Негізі қалай сіздерге?" – деп жазды Айдана.
Осылайша, танымал айтыскердің қызы әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырып, өзін көпшілікке жаңа қырынан танытуды көздейтінін аңғартты.
Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева өткен оқиғаны еске алды.
Айнұр Тұрсынбаева кім?
Айнұр Тұрсынбаева – қазақстандық танымал айтыскер ақын, кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол 1977 жылы 6 қаңтарда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
Айнұр Тұрсынбаева жастайынан өлең жазуға қызығып, айтыс өнеріне ерте араласқан. Республикалық және халықаралық ақындар айтысына қатысып, суырыпсалмалық шеберлігімен көпшілікке танылды. Ол айтыс сахнасында әлеуметтік мәселелерді, ұлттық құндылықтарды және қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтерді.
Ақын шығармашылық жолында түрлі марапаттарға ие болып, қазақ айтысының танымал өкілдерінің біріне айналды. Кейін кәсіпкерлікпен айналысып, әлеуметтік желідегі қызметін белсенді дамыта бастады.
Соңғы жылдары Айнұр Тұрсынбаева әйелдерге арналған жобалар, жеке даму және кәсіпкерлік бағытындағы бастамаларымен де танылып жүр. Ол әлеуметтік желіде отбасы, бала тәрбиесі, ұлттық тәрбие және әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы пікірлерін бөліседі.