25 қазанда ауа райы қандай болады?

25 қазанда ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

25 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Алматыда түнде аяз болып, Шымкентте жел күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы –3…–5°C, күндіз +6…+8°C болады. Оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жел соғады.

Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде –5…–7°C аяз болып, күндіз ауа температурасы +5…+7°C-қа көтеріледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°Cкүтіледі. Топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. 

Қазгидрометтің 24–26 қазанға арналған жалпы болжамына сәйкес, елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, негізінен қар күтіледі. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнауы және шаңды дауыл соғуы мүмкін. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.