Республика күні қарсаңында медицина маманына құрмет көрсетілді

Республика күні қарсаңында медицина маманына құрмет көрсетілді
баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында Алматы қаласы ҚДСБ Алмалы ауданының бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының оториноларинголог дәрігері Амантурлиева Гүлсара Исмагулқызы марапатқа ие болды, деп хабарлайды ult.kz.

Ол Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Марапатты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлы Пашимов медицина саласының мамандарына салтанатты түрде табыстады.

Медицина саласында адам денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу және науқасқа дер кезінде көмек көрсету маңызды орын алады. Әсіресе құлақ, мұрын және тамақ ауруларын диагностикалап, емдейтін оториноларинголог дәрігерлердің қызметі денсаулық сапасымен тығыз байланысты. Осы салада Амантурлиева Гүлсара Исмагулқызының 40 жылдан аса атқарып жатқан еңбегі зор.