Бүгін валюта бағамы қанша болды?

Бүгін валюта бағамы қанша болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалған

2026 жылғы 24 қазанда Қазақстанда АҚШ долларының ресми бағамы 451,05 теңге, еуро 504,95 теңге, Ресей рублі 5,60 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық банктің деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары — 451,05 теңге.

Ал қолма-қол валюта нарығында баға жоғарырақ. 24 қазан күні сағат 11:15-те жарияланған мәліметке сәйкес, Алматыдағы айырбастау орындары долларды орта есеппен 452,07 теңгеден сатып алып, 454,47 теңгеден сатқан. Астанада сатып алу бағамы 449,98 теңге, сату бағамы 456,98 теңге болған. 

Еуро бағамы қандай?

Бүгін 1 еуроның ресми бағамы 504,95 теңге болып белгіленді.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында еуроны сатып алудың орташа бағасы 505,69 теңге, сату бағасы 510,51 теңге болған. Астанада еуроны орта есеппен 503,99 теңгеден қабылдап, 513,99 теңгеден ұсынған. 

Рубль неше теңгеден сатылды?

Ұлттық банк дерегінше, 1 Ресей рублі — 5,60 теңге.

Алматыда рубльді орта есеппен 5,38 теңгеден сатып алып, 5,51 теңгеден сатқан. Астанада сатып алу бағамы 5,40 теңге, сату бағамы 5,60 теңге болған. Көрсетілген қолма-қол валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.