Әли Оқаповтың үлкендердің қолына су құйып жүрген видеосы тарады

Әли Оқаповтың үлкендердің қолына су құйып жүрген видеосы тарады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Әли Оқаповтың жары, өнер иесі Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуіне жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол Атырауға барған сапарында жұбайының жергілікті салтты құрметтеп, өзіне қолдау көрсеткенін жазды. Сондай-ақ ерлі-зайыпты үлкендердің батасын алып қайтқан.

“Жан жарыма үлкен алғыс білдіргім келіп тұр. Атыраудың салтын сақтап, маған қолдау көрсетіп, күйеубала рөлін керемет атқарып, үлкендердің батасын алып қайттық”, – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Өнер иесі осылайша отбасылық сапардан алған әсерін бөлісіп, жанынан табылған жұбайына ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, Роза Рымбаева отбасындағы қуанышты хабарды сүйіншіледі.

Әли Оқапов кім? 


Әли Оқапов – қазақстандық эстрада әншісі әрі биші. Ол 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен композитор Тасқын Оқаповтың тұңғыш ұлы. Өнерлі отбасында өскен Әли бала кезінен музыкаға жақын болып, кейін сахнаға бет бұрған.

Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын бітірген. Шығармашылық жолында ән айтумен қатар, бимен де айналысқан. Репертуарында «Жаным, сәлем!», «Биле!», «Қалаулым», «Уайымдама» секілді әндер бар.

Әли Оқапов 2020 жылы «Асыл» тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтерді. Қыз ұзату рәсімі Атырауда өткен. Ақерке де өнер адамы болғандықтан, екеуі шығармашылық пен отбасылық өмірді қатар алып жүр.