Freedom Inside '26

Досын құтқарамын деп өзі суға кеткен бала туралы шұғыл ақпарат тарады

Досын құтқарамын деп өзі суға кеткен бала туралы шұғыл ақпарат тарады
Коллаж: әлеуметтік желі

Хизирдің денесі өзі  суға батып кеткен жерден шамамен 10 шақырым төменнен табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың мәйіті өзенді тінту барысында №4 мектептің маңындағы судан табылған. Бұл туралы Baza хабарлады.

15 маусым күні Ингушетияның Қарабұлақ қаласында қайғылы оқиға болған еді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы Хизир Дербичев суға батып бара жатқан досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секірген. Екінші баланы ересектер аман алып қалғанымен, Хизирді қатты ағыс алып кеткен.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен Солтүстік Кавказ өңірлерінен келген еріктілерді қоса алғанда 20 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Мамандар өзен түбін тексеру үшін су деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізді.