Freedom Inside '26

Дональд Трамп Иранға қарсы "өте қуатты соққы" жасалатынын мәлімдеді

Дональд Трамп Иранға қарсы "өте қуатты соққы" жасалатынын мәлімдеді
ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде бүгін кешке Иранға қарсы "өте күшті соққы" жасалатынын жазды, деп хабарлайды ult.kz. 

"Бүгін кешке Америка Құрама Штаттары Иранға өте қуатты соққы береді. Жақын болашақта біз Харк аралын және мұнай инфрақұрылымының басқа да маңызды нысандарын бақылауға алып, олардың мұнай мен газ нарығын толық бақылауға аламыз", — деді Трамп. 

Ал CNN телеарнасының дереккөздері Иранның АҚШ әскері Харк аралына десант түсіруі мүмкін деген қауіпке дайындалып жатқанын хабарлады. Мәліметке сәйкес, Тегеран арал жағалауын миналап, қосымша әуе қорғанысы жүйелері мен зымыран кешендерін орналастырған. 

Харк аралы — Иран мұнайының негізгі экспорттық хабы саналады. Сарапшылардың пікірінше, арал төңірегіндегі ықтимал әскери қақтығыс әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.