Динара Сәтжан тойда жастармен бірге торт жеп, сынға қалды

Динара Сәтжан тойда жастармен бірге торт жеп, сынға қалды
Коллаж: видеодан кадр

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының үйлену тойында жастармен бірге торттан дәм татқан. Оның бұл сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушыларының бір бөлігі ененің үйлену тойында жастармен бірге торт жеуін орынсыз деп санайды. Олардың пікірінше, тойдағы тортты тек жас жұбайларға қалдырған дұрыс. «Жастарға ғана қалдыру керек еді», «Өз тойыңда жедің ғой», «Жағаласып не керек?» деген пікірлер жазылған.

Қызығы, Динара Сәтжан тойға дейін берген сұхбатында әлеуметтік желідегі «ене тортты бірінші жесе — ред флаг» деген трендке өзі де әзілмен тоқталған. Ол бұл туралы көріп, тортты бірінші болып жеп қоюдан бас тартқанын айтқан.

Алайда, кейін оның жастармен бірге торт жеген видеосы таралып, желі қолданушылары арасында «ред флаг ене» деген әзіл қайта көтерілді.