Өзбекстанның Сұрхандария облысында сирек кездесетін туа біткен ақаумен сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ult.kz.
Daryo басылымының мәліметінше, ұл бала 28 сәуір күні Шеробод ауданында туған. Кейін ол Самарқанд қаласындағы медициналық орталыққа жеткізілген.
Медициналық тексеру барысында нәрестеден туа біткен даму ақаулары анықталған. Дәрігерлер екі күрделі хирургиялық ота жасап, артық деп танылған аяқ-қолдарды алып тастаған. Белгілі болғандай, олардың екеуі толық дамымаған әрі қозғалыссыз болған.
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты деп бағалануда, алайда оған алдағы уақытта қосымша операциялар қажет болуы мүмкін.
Мамандар мұндай сирек патологияларда өмір сүру көрсеткіші төмен болатынын айтады. Соған қарамастан, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.
Daryo дерегіне сәйкес, жүктілік кезінде анасы 26 және 36 апталарда жоспарлы скринингтен өткен, алайда тексерулер барысында нақты патология анықталмаған. Кейін аурухана ультрадыбыстық зерттеу жүргізген маманның жұмысына қатысты кемшіліктер болғанын мойындаған.
Самарқанд облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сухроб Зайниевтің айтуынша, нәрестеде сирек кездесетін сиам егіздерінің толық дамымаған түрі тіркелген.