Әнші Әділ Сламханның жұбайы Дана Маханбаева атасының дүниеден өткенін хабарлап, әлеуметтік желіде қимастыққа толы жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Ол Instagram парақшасында марқұмды еске алып, Таразға барған сайын ақ батасын беріп, жақындарының амандығын тілеп отыратынын жазды.
“Жаным атау, күңіренген күзде қайттыңыз ба? Таразға барғанда “Бәрің аман жүріңдер” деп бата беріп отырушы едіңіз. Иманды болыңыз”, – деп жазды Дана Маханбаева.
Айта кетейік, Уәлибек Әбдірайымов Жұлдызай Дүйсенбиеваға жылы лебізін білдірді.
Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева кім?
Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева – қазақстандық әншілер, өнерде де, өмірде де жұп құрған ерлі-зайыпты. Олар жеке ән айтып қана қоймай, дуэт ретінде де өнер көрсетеді. Алматыдағы Республика сарайында “Егізім” атты ән кешін өткізген.

Әділ Сламханның репертуарында “Жан ана”, “Сезім сыры”, “Бір өзіңді таңдадым”, “Жан әке” секілді әндер бар. Жұбайы Дана Маханбаевамен бірге “Қазақтың қыздары” әнін орындайды.

Дана Маханбаева – әнші, көпбалалы ана. Ол сұхбаттарының бірінде Әділдің өзінен он жас үлкен екенін айтып, таныстықтарының кейін отбасын құруға ұласқанын баяндаған. Өнер иесі әлеуметтік желіде шығармашылығы мен отбасындағы жаңалықтарын бөлісіп отырады.