30 қазандағы қолда бар мәлімет бойынша, Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында АҚШ долларының орташа сату бағамы 454–456 теңге аралығында болды. Екі қалада да доллардың сатып алу және сату бағасы әртүрлі, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада долларды сатып алудың орташа бағамы 449,06 теңге, ал сату бағамы 456,06 теңгеболған. Яғни тұрғындар долларын айырбастау орнына орта есеппен 449,06 теңгеден өткізіп, АҚШ валютасын 456,06 теңгеден сатып ала алған.
Алматыда долларды сатып алу бағамы орта есеппен 452,29 теңгені, сату бағамы 454,18 теңгені құраған. Осы деректер бойынша, Алматыда доллардың сату бағасы елордаға қарағанда 1,88 теңгеге төмен болған.
Қалалар арасындағы айырмашылық айырбасталатын сома көбейген сайын байқалады. Мәселен, көрсетілген орташа бағаммен 1 000 доллар сатып алу Астанада 456 060 теңге, Алматыда 454 180 теңге болар еді. Айырмасы — 1 880 теңге.
Ал 1 000 долларын теңгеге айырбастағысы келген адам Астанада орта есеппен 449 060 теңге, Алматыда 452 290 теңге алар еді. Бұл жағдайда айырмашылық 3 230 теңгені құрайды.
Сатып алу мен сату бағамының арасындағы алшақтық та екі қалада әртүрлі. Астанада ол бір долларға 7 теңге, Алматыда 1,89 теңге болған. Сондықтан валюта айырбастағанда таблодағы сатып алу және сату бағандарын ажыратып қарау қажет: «сатып алу» — айырбастау орнының тұрғыннан валютаны қабылдау бағасы, «сату» — тұрғынға валютаны ұсыну бағасы.