БҚО-да заңсыз жұмыстан шығарылған құтқарушы сот арқылы қызметіне қайта оралды

БҚО-да заңсыз жұмыстан шығарылған құтқарушы сот арқылы қызметіне қайта оралды
Сотталушы өзін Қазақстанға экстрадициялау барысында жұмсалған 1,7 млн теңгеден астам қаржыны қайтарды

Батыс Қазақстан облысында жұмыстан заңсыз босатылған құтқарушы сот арқылы қызметіне қайта орналасып, 2,3 млн теңгеден астам өтемақы өндірді, деп хабарлайды ult.kz.

Орал қаласының №2 соты құтқарушының жұмыстан заңсыз босату туралы талап қоюын қанағаттандырды.

БҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарған.

Алайда жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап ету жөніндегі заңды міндетін орындамаған.

Сот жұмыс берушінің бұл әрекеті еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді деген қорытындыға келіп, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныды.

Нәтижесінде қызметкер бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды. Сондай-ақ оның пайдасына мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін 2 млн 315 мың 515 теңге орташа жалақы және өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары ретінде 350 мың теңге өндірілді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.