Босқын отбасының баласы әлем чемпионы болды: Нико Уильямстың әсерлі оқиғасы

Босқын отбасының баласы әлем чемпионы болды: Нико Уильямстың әсерлі оқиғасы
видеодан скриншот

Испания құрамасының және «Атлетик» клубының жартылай қорғаушысы Нико Уильямс футболдан әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалін анасына тарту етті, деп хабарлайды ult.kz.

Футболшының бұл әрекеті оның отбасының ауыр тағдырын еске салды. Никоның ата-анасы 1990-жылдардың басында жақсы өмір іздеп, Ганадан Испанияға көшкен. Сол кезде анасы жүкті болғанына қарамастан, екеуі босқындарға лық толы жүк көлігінде жол жүріп, кейін бірнеше күн бойы Сахара шөлін жалаңаяқ кесіп өткен.

Олар аптап ыстықта, азық-түлік пен сусыз, қарақшылар мен адам саудагерлерінің қаупіне қарамастан жолды жалғастырған. Осы ауыр сапардан кейін әкесінің аяқ табандары сезімталдығын жоғалтқан.

Испанияға жеткеннен кейін отбасы шекара қоршауынан асып өтіп, біраз уақыт қамауға алынған. Кейін оларға босқын мәртебесі беріліп, арада бірнеше ай өткенде тұңғыш ұлдары Иньяки дүниеге келген. Сегіз жылдан соң Нико өмірге келді.

Ата-анасы отбасын асырау үшін бірнеше жұмысты қатар атқарған. Үлкен ағасы Иньяки інісіне қамқор болып, қолынан келгенше көмектескен. Уақыт өте келе ағайынды Уильямстардың футболдағы жетістігі отбасының өмірін түбегейлі өзгертті.

Иньяки «Атлетик» клубының көшбасшыларының біріне айналса, Нико Еуропа және әлем чемпионы атанды. Марапаттау рәсімінен кейін Нико Уильямс трибунаға көтеріліп, әлем чемпионатының алтын медалін анасының мойнына тақты. Бұл сәт жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.