Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ult.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 169-дан астам адам ұсталған. Олардың арасында қылмыстық топтардың жетекшілері де бар.
Сонымен қатар шекара маңындағы өңірлерде, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемалар арқылы заңсыз кіріс табуға байланысты фактілер анықталып, жолы кесілген.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.