Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Алматыдағы Орталық стадионда өткен Канье Уэсттің концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, KeshYOU тобының концерті кезінде отшашу қолдануға рұқсат сұралғанымен, өтініш қабылданбаған. Ал 15 тамызда өткен Канье Уэсттің шоуында отшашу мен басқа да арнайы эффектілер қолданылды.
«Біздікілерге келгенде – болмайды дейді. Ал Каньеге рұқсат», – деп жазды продюсер Threads желісінде.
Алагөзованың жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, кей қолданушылар оны сынады. Продюсер өз сөзінен бас тартпайтынын айтып, мәселе өсек емес, орындаушыларға жасалған қарым-қатынастағы теңсіздікте екенін жеткізді.
Кейін ол пікірталасты тоқтатуға шақырып, KeshYOU-дың Астанадағы алдағы концертіне көрермендерді шақырды.