Өзбекстандағы қазақ отбасыда қайғылы жағдай болды. Екі кәмелетке толмаған бала суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ағасы мен су айдыны маңында ойнап жүрген кезде қайғылы оқиға орын алған, деп хабарлайды ult.kz.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, балалар суға доп қуып жүріп түсіп кетіп, қайта шыға алмаған. Балалардың денесін бір қауым еріктілер іздестірді.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар қауіпсіздік ережелерінің сақталуы мен ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты тексеріс бастады.
Бұған дейін қайғылы оқиға 17 маусым күні болғаны айтылды.
«Кемелбеков Еркебулан Бауыржанович (16.08.2016 ж.т.), Кемелбеков Бекнур Бауыржанович (11.04.2018 ж.т.) Бір отбасы үшін екі бірдей баладан көз жазып қалу – өте ауыр қайғы. Алла Тағала жар болсын», - деп жазды желі қолданушысы.