Қазақстандық кәсіпкер Айдын Рақымбаев Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Құлынжон ауылында балалық шағы өткен үйін 30 жылдан кейін қайта сатып алды, деп хабарлайды ult.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, үйді кезінде әкесі салған. Отбасы қалаға көшкен кезде баспана екі фляга майға сатылып кеткен.
«Бүкіл әлемім төрт кішкентай бөлмеге сыйып тұрған: анам, әкем, әжем, екі әпкем, ағам және мен», – деп еске алды Рақымбаев.
Енді ол үйді жөндеп, ауыл мектебінің ұстаздарына бермек. Кәсіпкердің өзі осы мектепті 1989 жылы тәмамдаған.
«Үй отбасымызға қызмет етті, енді мектепке, ауылға және балаларымызға білім беретін ұстаздарға қызмет етсін», – деп жазды ол.
Жақында Рақымбаев ұлын ертіп, өзі өскен үйге барған. Оның айтуынша, бұл баспана ол үшін балалық шақтың жылы естеліктерін сақтаған қара шаңырақ.