Астанада сауда базарының алдында 47 жастағы әйелдің денесі табылды. Оқиға 7 қазан күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.
«Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерлері оқиға орнына келгенде әйелдің өлі күйде жатқанын және биологиялық өлімді тіркегенін мәлімдеді.
Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 30 жастағы әйелдің өліміне қатысты төрт полиция қызметкері жұмысына салғырт қарады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.