Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге ерекше сыйлық табыстады

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге ерекше сыйлық табыстады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Перудің аты аңызға айналған өнер иесі Ева Айльонмен кездесті. Әнші қазақ өнерпазына ерекше сыйлық табыстап, ақ батасын берді, деп хабарлайды ult.kz.

Димашты жылы қарсы алған перулік әнші оған қолтаңбасы қойылған музыкалық диск пен бойтұмар сыйлады. Сондай-ақ өнер иесіне шығармашылық табыс тілеп, алдағы концертіне сәттілік тіледі.

Ева Айльонның Димаштың өнеріне тәнті болғанына бірнеше жыл болған. Қос әнші алғаш рет 2019 жылы Нью-Йоркте жүздескен. Сол кезде перулік өнер иесі қазақстандық әншімен кездесу үшін өзінің концертін кейінге шегерген.

Ева Айльон бұған дейін анасынан айырылып, қайғыға батқан шағында Димаштың орындауындағы «S.O.S» әнінен жұбаныш тапқанын айтқан.

Араға жеті жылға жуық уақыт салып, қос өнер иесі Перуде қайта жүздесті.

Ева Айльон кім?

Ева Айльон – Перудің әйгілі әншісі, афро-перулік музыканың көрнекті өкілі. Ол 1956 жылы 7 ақпанда Лима қаласында дүниеге келген. Шын есімі – Мария Анхелика Айльон Урбина.

Өнер иесі жарты ғасырдан астам уақытын музыкаға арнап, Перудің ұлттық ән өнерін әлемге танытып келеді. Шығармашылық жолында көптеген музыкалық альбом шығарып, әлемнің беделді сахналарында өнер көрсеткен.

2019 жылы музыка саласына қосқан елеулі үлесі үшін Latin Grammy сыйлығының арнайы марапатына ие болды. Ева Айльон бүгінде Латын Америкасындағы ең беделді әншілердің бірі саналады.