Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Күлпәш” фильмінің көрсетілім саны көбейді

“Күлпәш” фильмінің көрсетілім саны көбейді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Көрермендердің сұранысына байланысты “Күлпәш” фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім саны артты, деп хабарлайды ult.kz.

Фильмнің шығармашылық ұжымы көрермендермен арнайы кездесу өткізетінін мәлімдеді. 29 қарашада картинаның режиссері, актерлері мен түсірілім тобы Алматы қаласындағы кинотеатрларға барды. 

Кешкі көрсетілімдер аяқталған соң өнер иелері көрермендермен жүздесіп, фильмге қолдау білдірген жұртшылыққа алғыс айтты. 

“Күлпәш” фильмінің көрсетілім санының артуы көрермендердің отандық туындыға деген қызығушылығы жоғары болғанын аңғартады.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанның тұңғыш қызы қызық дерек айтты. 

Ақан Сатаев кім?

Ақан Сатаев – қазақстандық кинорежиссер, сценарист, продюсер және актер. Ол отандық кино өнерінің дамуына үлес қосқан танымал режиссерлердің бірі.

Ақан Сатаев 1971 жылғы 23 желтоқсанда Қарағанды қаласында өнер адамдарының отбасында дүниеге келген. Алматыдағы театр және өнер институтында білім алған.

1994 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және теледидар факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын актер ретінде бастап, кейін жарнама түсірумен айналысқан. 300-ден астам жарнамалық бейнеролик түсіріп, бірнеше рет “Алтын Жұлдыз” сыйлығын иеленген.

2003 жылы Sataifilm кинокомпаниясының негізін қалаған. 2007 жылы жарық көрген “Рэкетир” фильмі режиссерді қалың көпшілікке танытты. 

Ақан Сатаевтың танымал туындылары қатарында:

“Рэкетир”;

“Адасқандар”;

“Жаужүрек мың бала”;

“Анаға апарар жол”;

“Аудандар”;

“Томирис”;

“Ұлы дала таңы”;

“Рэкетир. Жаңа заман” фильмдері бар.

2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алса, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2020–2022 жылдар аралығында Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясын басқарды. 

Режиссер өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, ұлттық құндылықтарды, әлеуметтік мәселелер мен адам тағдырын арқау етіп келеді. Оның қоржынындағы жаңа туындылардың бірі – 2026 жылы жарық көрген “Күлпәш” фильмі.