Freedom Inside '26

Бас жүлдеге автокөлік: Астанада халықаралық қымыз байқауы өтеді

Бас жүлдеге автокөлік: Астанада халықаралық қымыз байқауы өтеді
ашық дереккөз

11-12 шілде күндері «Қазанат» ипподромында қымызға арналған «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейдің Саха Республикасынан 60-қа жуық қымыз өндіруші келеді, деп хабарлайды ult.kz. 

Іс-шараның басты ерекшелігі – жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрайтын халықаралық деңгейдегі «Ең үздік қымыз» байқауы өткізіледі. Жеңімпаздар «BaiQymyz-2026», «Ем қымыз» және «Халық таңдауы» аталымдары бойынша анықталады. Бас жүлде иегеріне автокөлік табысталады. 

Фестиваль бағдарламасында көкпар, аударыспақ, қыз қуу, бәйге, тазылар жарысы, шөген және басқа да ұлттық әрі заманауи спорт түрлерінен жарыстар, қазақстандық өнер жұлдыздарының концерті өтеді. 

Сондай-ақ фестиваль аясында қымыздың түрлерінен дәм тату, ұлттық жылқы тұқымдарының көрмесі, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, суретшілер туындыларының көрмесі мен аукционы ұйымдастырылады.