Балиде жанармай тапшылығынан бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды

Балиде жанармай тапшылығынан бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды
видеодан скриншот

Индонезияның Бали аралында жанармайдың танымал маркалары тапшылыққа ұшырап, автожанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы DetikBali хабарлайды, деп жазады ult.kz.

Жергілікті журналистер мен куәгерлердің мәліметінше, аралдағы ондаған жанармай бекетінде бензин қоры таусылған. Соның салдарынан скутер мен көлік жүргізушілері бірнеше сағат бойы кезекте тұруға, қымбатырақ жанармай сатып алуға немесе көлігін қолмен итеруге мәжбүр болған. Жолдарда кептеліс қаупі туындағандықтан, қозғалысты реттеушілер де жұмылдырылған.

Индонезияның мемлекеттік PT Pertamina Patra Niaga мұнай-газ компаниясы жағдайды жанармайдың физикалық тапшылығымен емес, логистикалық іркіліспен байланыстырды. Компанияның түсіндіруінше, Балиға бензин жеткізетін теңіз танкерлері кешігіп, жолдағы кептелістер жанармайды бекеттерге тасымалдауды қиындатқан.

Мәселені жедел шешу үшін аралға қосымша 26,2 мың килолитр жанармай жеткізу жоспарланған. Компания жанармай бекеттеріндегі жағдай алдағы күндері толық тұрақтанады деп мәлімдеді.