Freedom Inside '26

«Баланы топырақ астынан әрең таптық»: Арыстағы жол апаты туралы тың дерек шықты

«Баланы топырақ астынан әрең таптық»: Арыстағы жол апаты туралы тың дерек шықты
Коллаж: ult.kz

Күдікті әйелдің бұрын Арыс орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.

«КТК» телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Марқұм әйелдің туыстары соққының өте қатты болғанын айтады.

«Соққының екпіні қатты болды. Келінім жол жиегіндегі қора жаққа ұшып кеткен. Оның екі жасар баласын топырақ астынан әрең алып шықтық. Көрші келініміздің бес жасар қызы көз жұмды. Өзі тағы бір баласымен ауруханада жатыр», – деді марқұмның туысы Ғани Айдаров.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік тізгініндегі әйел апат кезінде мас күйде болған. Бұл ақпаратты құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.