Балалармен жасөспірім болып танысқан:  Шымкентте күдікті ұсталды

Балалармен жасөспірім болып танысқан:  Шымкентте күдікті ұсталды
Polisia.kz

Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттерге күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ер адам интернет-мессенджерлерде 10-12 жастағы балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Сенімдеріне кіргеннен кейін олармен онлайн байланысын жалғастырған.

Тергеу барысында осындай жағдайлардың бірі анықталған. Күдікті онлайн ойын арқылы танысқан қызбен WhatsApp-та сөйлесіп, одан интимдік сипаттағы фото және бейнематериалдар жіберуді сұраған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындаған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа да әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруде.

ІІМ ата-аналарды балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне назар аударып, олардың әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі және онлайн ойындардағы байланысын бақылауға шақырды.