Бала денсаулығы үшін: министрлік ата-аналарға тамақтану тәртібін ұсынды

Бала денсаулығы үшін: министрлік ата-аналарға тамақтану тәртібін ұсынды
Depositphotos

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқушының күнделікті тамақтану тәртібіне таңғы ас, тіскебасар, түскі ас, бесін асы және кешкі ас кіргені дұрыс. Мектеп жасы – баланың қарқынды өсіп, дамитын кезеңі болғандықтан, теңгерімді тамақтану оның денсаулығы мен оқу белсенділігіне маңызды әсер етеді.

Мамандар оқушының рационында:

көкөністер мен жемістер;

сүт және қышқыл сүт өнімдері;

ет, балық, жұмыртқа және бұршақ дақылдары;

тұтас дәнді өнімдер;

жеткілікті мөлшерде таза су болуы қажет екенін атап өтті.

Ал қант, тұз және қаныққан майы көп тағамдарды, тәтті газдалған сусындар мен фастфудты шектеу ұсынылады.

Министрлік баланың тамақтану уақытын да тұрақты ұстау маңызды екенін ескертті. Сондай-ақ дастарқан басындағы жайлы орта мен ата-ананың дұрыс тамақтануға қатысты жеке үлгісі баланың пайдалы әдет қалыптастыруына ықпал етеді.