Байқоңырда бес кәмелетке толмаған баласына қатыгездік көрсетті деген күдікпен 40 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура қылмыстық істің заңдылығын мойындады, деп хабарлайды ult.kz NUR.KZ басылымына сілтеме жасап.
Байқоңыр кешені прокуратурасының мәліметінше, әйелге қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 156-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл бап кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауға қатысты.
Тергеу мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері күдікті бес баласының денсаулығына, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға, білім алуын қамтамасыз етуге міндетті болған. Алайда ол балаларды тәрбиелеу кезінде оларға қатыгездік көрсеткен деген күдікке ілінді.
Қазір қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.