Баян Алагөзова қызы Айарудың болашақ жарына қоятын талаптарын айтты

Баян Алагөзова қызы Айарудың болашақ жарына қоятын талаптарын айтты
Фото: видеодан кадр

Аман Тасығанға берген сұхбатында Баян Алагөзова қызы Айарудың болашақ жарына қоятын талаптарын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Продюсердің сөзінше, қызының таңдаған азаматы ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын, білімді әрі әдебиеттен хабары бар жан болуы керек. Атап айтқанда, Толстой мен Достоевскийдің шығармаларын оқығаны маңызды.

«Айару кем дегенде ағылшын тілін білмейтін адаммен сөйлеспейді. Ондай жігітпен араласпайды. Кем дегенде. Оның талабы сондай», - деді Баян Алагөзова.

Баян Алагөзова кім?

Баян Алагөзова — қазақстандық продюсер, актриса әрі медиада белсенді тұлға. Ол шоу-бизнес саласындағы жобаларымен танылып, бірнеше фильмнің продюсері ретінде көрерменге белгілі болды.

Айару Бақытбек – Баян Алагөзованың Бақытбек Есентаевпен алғашқы некесінен туған екінші қызы. Ол 2003 жылы дүниеге келген. 2024 жылы АҚШ-тағы Калифорния мемлекеттік университетін тәмамдап, жоғары білім туралы диплом алған. 

Баян Алагөзова қызының білімге деген талғамын бұған дейін де әлеуметтік желідегі жазбаларында көрсетіп жүрген. 2025 жылы ол Айарудың дипломын жариялап, қызын мақтан тұтатынын жазған.