Астанада өтетін концерті қарсаңында Баян Алагөзова Аман Тасығанға сұхбат беріп, өткен өмірі, оның ішінде бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Баян Алагөзованың айтуынша, ол бұрынғы күйеуін соңғы рет ортақ құдасына арналған асқа барған кезде көрген. Екеуі жеке сөйлеспеген, актриса оны алыстан ғана байқап қалған.
«Оны көрген кезде ештеңе сезбедім. Мен жібере де, кешіре де аламын. Өткенді өзгертуге тырысудың мәні жоқ, өйткені оны қайтару мүмкін емес», – деді Баян Алагөзова.
Ол басынан өткерген оқиғадан кейінгі алғашқы бес жыл өзіне өте ауыр болғанын айтты. Осы кезеңде бірнеше рет ота жасатқан. Алагөзованың сөзінше, отадан кейін оянғанда бұрынғы күйеуіне деген ашу мен ренішті қайта сезінетін кездері болған.
Алайда уақыт өте келе ол өткенді өзгертуге деген талпыныстың мағынасыз екенін түсініп, бұл жағдайды қабылдаған.
Сұхбат барысында Баян Мөлдірмен қайтадан бірге жұмыс істеуге қатысты да пікір білдірді. Ол бірлескен жұмысқа қайта оралғысы келмейтінін ашық айтты.
Ал Балжан Бидаш туралы нақты жауап бермеді. Осыған байланысты әншінің Баян Алагөзованың Астанадағы концертіне қатысуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Оның сахнаға шығатыны әзірге құпия болып отыр.