Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады
Алматы әкімдігі

Алматыда қаланың 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындығы аясында Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) делегациясының инспекциялық сапары өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Делегация құрамына Азия Олимпиадалық кеңесінің спорт, медиа, ақпараттық технология және даму бағдарламалары бағыттарына жауапты басшылары мен мамандары кірді.
Сапар аясында Алматының Азия ойындарына дайындық барысына арналған жұмыс кездесуі өтіп, одан кейін делегация қаланың негізгі спорт нысандары мен қонақ үй инфрақұрылымымен танысты.

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Halyk Arena, Almaty Arena, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, «Шымбұлақ» тау курортын, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенін, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын, сондай-ақ жарысқа қатысушылар мен ресми тұлғаларды орналастыру жоспарланған бірқатар қонақ үйді аралап көрді.