Автобуста жастарға ақыл айтқан апа таяқ жеді (ВИДЕО)

Автобуста жастарға ақыл айтқан апа таяқ жеді (ВИДЕО)
Сурет: скриншот

Бішкектегі автобустардың бірінде егде жастағы әйел мен бойжеткен арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, автобусқа мінген әйел бойжеткеннен өзіне орын беруін сұраған. Қыз өтінішті орындап, орнын босатып берген.

Алайда әжей отырғаннан кейін жастардың тәрбиесі мен үлкенге құрмет көрсетуі туралы сөз қозғап, бойжеткенге ескерту жасай бастаған. Бұған қыз жауап қайтарып, екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындаған.

Кейін жанжал ушығып, бойжеткен егде жастағы әйелге қол көтергені айтылады. Оқиғаға байланысты автобусқа полиция шақырылған.

Тараған мәлімет бойынша, тараптардың бірі арыз жазғаннан кейін бойжеткенді тәртіп сақшылары алып кеткен.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі үлкен кісіге қол көтеруді айыптаса, енді бірі қоғамдық көлікте бейтаныс адамдардың бір-біріне ақыл айтуын орынсыз деп бағалаған.