Аурухана өртеніп, 15 жаңа туған нәресте қаза тапты

Аурухана өртеніп, 15 жаңа туған нәресте қаза тапты
Фото: freepik

Пәкістан астанасы Исламабадтағы Медицина ғылымдары институтының гинекология бөлімінде жойқын өрт болып, кемінде 15 жаңа туған нәресте қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Geo News мәліметінше, өрттің шығуына кондиционер компрессорының жарылуы себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге алдын ала болжам ретінде қарастырылып отыр.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсетіп, басқа пациенттердің жағдайын тұрақтандыруға күш салған.

Қауіпсіздік мақсатында аурухана аумағы қоршауға алынып, ғимарат маңына қосымша жедел жәрдем көліктері жеткізілді.

Қазір құқық қорғау органдары өрт пен ықтимал жарылыстың нақты себебін анықтап жатыр.