Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Атырауда жедел жәрдем көлігі машинамен соқтығысып, аударылып қалды

Атырауда жедел жәрдем көлігі машинамен соқтығысып, аударылып қалды

Атырауда жедел жәрдем көлігі машинамен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Амандосов – Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен «Форд» маркалы жедел жәрдем көлігі «Ваз-2114» маркалы машинамен соқтығысты. Соққыдан жедел жәрдем көлігі бір жағына қарай аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасынан «Тойота камри» және «Лада Ларгус» маркалы көліктер зақымдалған. Жедел жәрдем каретасында болған екі фельдшер облыстық ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. «Ваз – 2114» көлігінің жолаушысы да ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметінен.