Атыраудағы тергеу изоляторында бес сотталған мекемедегі ұстау режиміне наразылық білдіріп, өздеріне жеңіл жарақат салған. Оқиғадан кейін мекеме әкімшілігі жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды ult.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, оқиғаға ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған бес адам қатысқан. Олар бейнебақылау камераларын жауып, белгіленген ұстау режиміне бағынбаған.
Ведомствоның хабарлауынша, сотталғандардың өздеріне жеңіл дене жарақатын салғаны тіркелген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Комитет бастапқыда ауруханаға жатқызу қажет болмағанын және сотталғандардың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.
Аталған оқиғаға байланысты топ болып бағынбауды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу изоляторындағы жағдай тұрақты. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.