Жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты: полиция тергеуді бастады

Жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты: полиция тергеуді бастады
Видеодан скриншот

Қарағанды облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 қазанда реттелмейтін теміржол өткелінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржолдан өтер алдында қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, пойызбен соқтығысқан.

Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.