Астанада көпқабатты үй өртенді: құтқарушылар екі баланы аман алып шықты

Астанада көпқабатты үй өртенді: құтқарушылар екі баланы аман алып шықты
ТЖМ

Астанадағы 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтер өртеніп, төтенше жағдай қызметкерлері төрт адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды, деп хабарлайды ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт  Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан тұрғын үйде болған. Пәтердегі үй заттары мен жиһаз жанып, жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар арнайы тыныс алу маскаларын пайдаланып, төрт адамды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертті. Өрт байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласып, лифтіні пайдаланбау және құтқарушылардың нұсқауларын орындау қажет.