Атпен келе жатып, өзенге құлаған 48 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

Атпен келе жатып, өзенге құлаған 48 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: ЖИ арқылы жасалды.

Қырғызстанның Баткен облысында атпен келе жатып өзенге құлап кеткен 48 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 10 тамызда болған. Чоң-Гара ауылының тұрғыны атпен көпір арқылы өтіп бара жатқанда Кожошкен өзеніне құлап кеткен.

Оқиғадан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Кейін ер адамның мінген аты өлі күйінде табылған. Ал 48 жастағы тұрғынның өзі әзірге табылған жоқ.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің мамандары іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.