Атбасарда әйел көршісін пышақтап, пәтеріне қамап кеткен

Атбасарда әйел көршісін пышақтап, пәтеріне қамап кеткен
Фото: freepik

Атбасар қаласында 58 жастағы әйел өз пәтерінен пышақ жарақаттарымен ес-түссіз күйде табылды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленушінің іш тұсына бірнеше пышақ жарақаты салынған. Қылмысты көршісі жасауы мүмкін деген болжам бар. Оқиғадан кейін күдікті әйел пәтердің есігін сыртынан жауып, пышақты өзімен бірге алып кеткен деген ақпарат айтылды.

Полиция оқиға фактісін растады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.