Асылы Осман мемлекеттік наградамен марапатталды

Асылы Осман мемлекеттік наградамен марапатталды
Алматы әкімдігі

Алматының құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асылы Әлиқызы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ult.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік награданы Президенттің атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Асылы Осман Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады және ұзақ жыл бойы қазақ тілін дамытуға және дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып келеді. Ол 200-ден астам ғылыми және аударма мақаланың авторы.

Мемлекет басшысы оның мемлекеттік тілді дамытуға, тұрақтылықты сақтауға және қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Дархан Сатыбалды Асылы Османның Алматының қоғамдық және мәдени өміріндегі ерекше рөлін атап өтті.