Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астаналық әйел актерлік курс пен фильмге түсу үшін 1,7 миллион теңгеге жуық ақша төлеген

Астаналық әйел актерлік курс пен фильмге түсу үшін 1,7 миллион теңгеге жуық ақша төлеген
ашық дереккөз

Астана тұрғыны «Бастаушы актер» курсына қатысып, фильм түсіріліміне түсу үшін кәсіпкермен келісімшарт жасасқан. Алайда әйелдің айтуынша, уәде етілген сабақтар да, кино түсірілімі де басталмаған, деп хабарлайды ult.kz.

Әйел қызмет көрсетушіге жазбаша шағым жолдап, келісімшартты бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен. Келісімде көрсетілген қаражатты қайтару мерзімі аяқталған соң, ол Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Ведомствоның араласуынан кейін кәсіпкер әйелге 1 миллион 690 мың теңгені толық қайтарып берген.