Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25-26 қараша күндері Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Сапар аясында екі ел басшысы кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.