Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды ult.kz.
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама аясындағы жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
Комиссия бағдарламаның барлық кезеңін, яғни жобаларды жоспарлау мен қаржы бөлуден бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі процесті бақылауға алады.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардың мерзімі, құны мен заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды. Кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар әзірлейді.
Бағдарламаның орындалу барысы туралы Президентке тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша есеп беріледі.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
«Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы.