Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Депутаттар, ғалымдар мен бизнес өкілдері: Тоқаев жаңа сараптама тобын бекітті

Депутаттар, ғалымдар мен бизнес өкілдері: Тоқаев жаңа сараптама тобын бекітті
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағыттарын айқындайтын сараптама тобының құрамын бекітті. Оның құрамына мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ғалымдар, зерттеушілер, экономистер және бизнес өкілдері енді. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Президент тиісті өкімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы консультативтік-кеңесші орган ретінде жұмыс істейді.

Топтың негізгі мақсаты – елдің ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау. Сондай-ақ оның мүшелері талдамалық, әлеуметтік және форсайт зерттеулерінің нәтижелерін талқылап, стратегиялық бағыттар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Сараптама тобының жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты белгіленген. Отырыстар қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Жиындарға мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылық қауымдастықтардың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері де қатыса алады.

Сараптама тобының басшылығы:

Ерлан Қарин – топ жетекшісі;
Аида Балаева – жетекшінің орынбасары;
Әсет Ерғалиев – жетекшінің орынбасары;
Жандос Шаймарданов – хатшы.

Топ құрамына енген мүшелер:

Динара Зәкиева;
Саясат Нұрбек;
Дархан Ахмедиев;
Қарлығаш Жаманқұлова;
Бөріхан Нұрмұхамедов;
Айдос Сарым;
Марат Шибутов;
Рауан Кенжеханұлы;
Бағдат Мусин;
Евгений Мухамеджанов;
Найла Мұхтарова;
Айгүл Сәдуақасова;
Жұлдызай Ысқақова;
Ғазиз Әбішев;
Біржан Баткеев;
Ренат Бектұров;
Әнуар Боранбаев;
Эльдар Гумаров;
Ерлан Досымбеков;
Ерзат Дулат;
Қуаныш Жайықов;
Гүлмира Илеуова;
Олег Мецик;
Мақсат Мұқанов;
Мадина Нұрғалиева;
Аяулым Сағынбаева;
Олжас Сәкенов;
Андрей Чеботарев;
Динара Шүкіжанова.

Айта кетейік, 19 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық серіктестердің үшінші форумына қатысқан болатын. Жиынға халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдері, әлемге танымал ғалымдар мен білім беру саласының сарапшылары жиналды.